Табақ тарту
From Wikipedia, the free encyclopedia
From Wikipedia, the free encyclopedia
Табақ тарту (кәделі табақтар) — қонағы бар үйдің қонақжайлылығын көрсетіп етті ұсыну. Тартылған табақтың құрамы келген қонақтың кім екеніне байланысты әртүрлі түрлері бар. Негізінен қонақтың сыйлы қонаққа қойдың басын ұсынған. Олардың ең негізгілері: бас табақ, қос табақ, сый табақ, күйеу табағы, келін табағы, жастар табағы, жай табақ.
Жасы үлкен қарттарға, аса сыйлы қонақтарға тартылады. Оған салынатын кәделі мүшелері: бас, жамбас, ортан-жілік, белдеме (ол жамбастың серігі) сүбе қабырға, қойдың ұлтабары; жылқы етінен — қазы, қарта, жал, жая.
Ортан жілік бастаған, жауырын мен тоқпан жілік, Қабырға, омыртқа салынады. Жастар табарының ең кәделі жілігі — асықты жілік пен төс. Асықты жілікті әдетте күйеудің жолдасы не қыздық жеңгесі кеседі. Күйеу төсті кесуге тиіс.
Құда, құдағиларға тартылатын арнаулы табақ. Мұның да кәделі мүшелері бас табақпен парапар. Оның қос табақ деп аталатын себебі, ол құда, құдағилық көпшілікпен бірге жеген қонақасының үстіне арнайы әкелінетін екінші тоқпан жілік болуынан.
Құда — жегжаттық қатынасы болмаса да ерекше сый-құрметке лайық адамдарға тартылатын қосалқы табақ.
Бас табақ, қос табақ, сый табақтарға жауырын, тоқпан жілік сияқты кәдесіз жіліктерді араластыруға болмайды.
Ет туралып болған соң табаққа сарымсақ, бұрыш қосып әзірлеген тұздық құйылады. Соңынан қатық не құрт қосқан сорпа беріледі. Етті сіңіру үшін сорпаның пайдасы көп.[1]
Қазақта қайыны мен қайын сіңілілері жеңгелерімен ерекше қалжыңдасады, бөлекше әзілдеседі. Тіптен жақсы көреді, бал тілімен әзіл айтысады. Сөйтіп жандары жақсылықпен жанасады. Ойын-күлкі, әзіл-қалжыңды өмір берекесімен табысады. "Жеңге жолы шеше жолымен бірдей" деген сөз бар қазақта. Қазақ қыз жігіттері жеңгелерін құрметтейді, күтеді, мол дастарқан жаяды. "Жеңге табақ" деген атпен ас әзірлейді.
"Жеңге табаққа" қойдың жамбасын, жауырынын, арқа белдемесін, сүбе қабырғасын, жүрек, бауырын, тоқ ішегін, бүйректерін салады.
Табаққа салынатын мүшелердің өзіндік тілі болады.
Қазақ "жездеден киген жең болмас, етектен кескен тоң болмас" дегенді әзіл үшін, ойын-қызық үшін шығарғанын да жасырмайды. "Жездеге ілессең, жерде қалмайсың" деп жезделерін таудай бағалайды. Жезде-аға деп, ағынан жарылып ағалайды. "Жезде табақты" жездесіне балдыздар дайындайды.
Оған ортан жілік, жауырын, қабырға, белдеме, қарын, тоқ ішек, бауыр, жүрек, бүйрек, құйымшақ салады. Жезде табаққа салынатын сый-сыбаға негізінен "жеңге табақпен" бірдей болады. Ал ұқсамайтын жері құйымшақ қосады.
"Жезде табаққа" салынатын сый-сыбаға негізінен "жеңге табақпен" бірдей болады. Ал ұқсамайтын жері құйымшақ қосылады. Онысы балдыз-қыздардың жездесіне көрсеткен әзіл-қалжыңы, назды қылығы. "Құйымшақ жеген қойшы болады", "сіз бізге қойшы боласыз" дегені. Бұл әзілді білетін қу жезделер білдірмей отырып, балдыз қыздардың біріне ұсына қояды. Оны байқамай алып қойған қыз жездеден жеңілген болып, оған киіт кигізеді. Ал момын, әлжуаз, жол мен қулықты сезбейтін жезде болса, құйымшақты білмей жеп қойса, оны аңдып тұрған қыз балдыздар жезделерін шап беріп ұстап алып, жеңген жолын сұрайды. Ас қайырылып болған соң, жезделер табаққа күміс теңге, жүзік, сырға салып қайтарады. Мұны күтімақы "көңіл табу", "арашалану салты" деп атайды.
Қазақтың келін түсіру салтында келіннің бетін ашқан жігітке арнап, "беташар табақ" деген ас сыйлайды, үлкен сый-құрмет көрсетеді. Беташар табаққа тіл жағын, бауырын, ортан жілік, жауырын, белдеме, қабырға, үстіне таңдай салады. Оның үстіне әдемі кестелі қолжаулық жабады, болса күміс жүзік, теңге қояды. Бет ашқан жігіт жора-жолдастарымен алқа-қотан отырып, теңгені, жүзікті, қол жаулықты бөлісіп алады да бата жасайды, әнші жігіт "таңдайым тақылдасын" деп таңдайды жейді, қалған еттерді бәрі бөлісіп жейді. Мұны қазақ кәдесінде "беташар табақ" деп атайды.
Қазақтың сый-сыбағасындағы беташар табақтың да өзіндік құпия тілі бар, қызық қыры, сан алуан тілі бар. Беташар табаққа бас салмауы жасыңда кәрілік келмесін дегені, тіл жақ, таңдай тартуы шешен болыңдар, бұлбұлдай сайраған әнші болыңдар, тілдеріңнен бл тамсын, келіннің беті жарық, жолы ашық болсын дегені. Жүрек салғаны жүрек таза, ақниетті болыңдар дегені. Бауыр салғаны бауырдай жақын болайық, жамандық, суық сөз, сұмпайы тіл болмасын дегені. Ал осының бәрін салып сыйлағаны, ер жігіттің басын қастерлегені. Келіннің бетін кім ашса, сол ыстық көрінеді деп, ыстық аспен ықылас сыйлауы құрмет көрсету боп табылады.
Баласын бақытына балайтын қазекем олардың рухани өсіп жетілуіне ерекше мән береді, сонымен бірге азықпен қоректендіруге де аса мән беріп, бала жолы бал, үлкен жол деп үйге келген балаларға "бала табақ" тартып, ас-дәм сыйлап отырған.
Бала табаққа асық жілік, жауырын, ортан жілік, арқа, белдеме, тілжақ, қабырға салады. "Баланы қуыс үйден құр шығарма" деп, оларға киім-кешек, тәтті тағам сияқты әр алуан балаларға тән тарту ұсынады. Баланың меселін қайтарма, қалағанын бер, "сәбидің көңілі қайтса, кедей боп қаламыз", "бала бақытынан асқан бақыт жоқ", "көрші үйдің баласын ұрма, қолың қалтақ, бұтың талтақ" болады деп ырымдайды. Осыдан -ақ баладан дана тәрбиелеген халқымыздың дәстүр-тағылымы көрініп жатпай ма?! Баланы баласыну, бәлсіну, яки көзге ілмей, яғни азаматтық жолға да, арға да үйлеспейді, тәрбиеге де дұрыс келмейді. Баланы бала демей, дана деу, оған дұрыс мәміле жасаудың өзі үлкен кісілік парыз. Парыз ғана емес, мойынды қиып түсер парыз.Оны Оны әрбір есті адам есінде берік сақтауы қажет. "Алыстан алты жастағы бала келсе, ауылдың алпыс жастағы ақсақалы сәлем береді" деп, бұрынғы өткен көнекөз қарттар амандаса барған ғой. Баламен тізе қағысып отрып, ауылдың, ата-ананың амандығын ұғысқан ғой. Баланы бала демей, даналарша сыйласқан ғой. Әуелі екі қария таныса қалса, ел амандығынан соң, "қанша балаң бар?" деп сұрап, "бақытты екенсің" деп жатады. Қанша ақшаң, қанша малың бар деп сұраған емес. Өркениетті ел өренімін деп мақтанады.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.